Астана – Петропавл тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда Астана – Петропавл тас жолында жол апаты болды. Апат орнынан куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тас жолдың 289-шы шақырымында Lexus және Lada-21705 маркалы автомобильдер соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті жүргізушілерге, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін сақтауды және көлік құралдарының техникалық жай-күйін жіті назарда ұстау қажеттігін еске салады", - деп хабарлады Zakon.kz тілішісіне ведомстводан.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қатты жел сауда орталығының шатырын жұлып әкеткенін жазғанбыз. Аталған төтенше оқиға салдарынан тұрақта тұрған екі көлік және бір көше жарықтандыру бағаны бүлінді.

Петропавл
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау