Шымкент дүкендерінде алаяқтық жасады деген күдікпен гастролер әйелдер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында полицейлер сауда орындарында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, олар шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, "қайтарым ақшаның айласын" қолданған.

Яғни сатушыға ірі купюраны бергендей болып көрсетіп, сол сәтте әңгімеге тартып, асықтырып, назарын басқаға бұрған. Осыны пайдаланып, қайтарым ақшаны алып кеткен. Нақтысында, төлем мүлдем жасалмаған.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі еліміздің басқа өңірінен, екіншісі шетелден келген. Қазір олардың кемінде төрт ұқсас дерекке қатысы бары анықталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Тәртіп сақшылары азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, асығыстық пен назарды басқаға аудартатын әрекеттерге алданбауға шақырады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы