Жалған шот-фактура схемасын ұйымдастырған қазақстандықты Қырғызстаннан елге алып келді

Фото: freepik
Қырғыз Республикасынан жалған шот-фактураларды жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.

2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан
Қырғызстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстандықтар зейнетақы активтерін өз қалауы бойынша инвестициялай алады: заңға қол қойылды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кәсіпорындарда жаңа еңбек ережелері енгізіледі