Қазақстанда қызылшаға байланысты шұғыл шаралар енгізілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова "Қазақстанда қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы" қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елде қызылша ауруы бойынша сырқаттанушылық өсіп отыр.
2026 жылдың басынан бері 3 343 жағдай тіркелді, оның ішінде 84,2%-ы (2 816 жағдай) — 14 жасқа дейінгі балалар арасында.
Жағдайлардың 77,6%-ында (2 594) екпе алмаған балалар ауырған:
  • вакцинациядан бас тарту себебінен – 1 448,
  • медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 325,
  • екпе жасына жетпеуіне байланысты – 778,
  • өзге себептермен – 43.
Ауырғандардың 11,9%-ында (398) екпе мәртебесі белгісіз.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 3 "Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы" қаулысы қабылданды.

Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген:

1) 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар — жағдай тұрақтанғанға дейін;
2) Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2–5 жас
3) 7–18 жас аралығындағы балалар — толықтыра иммундауы аясында;
4) екпесі жоқ немесе олар туралы деректері жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Сондай-ақ балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қойылатын талаптар күшейтілді. Ұйымдастырылған ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйымдарында қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттету қоса алғанда, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жедел түрде қамтамасыз етіледі.

Қаулымен мына жерден танысуға болады.
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді