Алматы тауларында көшкін кезінде студент қаза тапты

Сурет: unsplash
2026 жылғы 22 ақпанда Алматы тауларында көшкін жүріп, 19 жасар бойжеткен қар астында қалып, қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Титов асуында 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын екі турист қар астында калып қойған.

Олардың біреуі өздігінен шыға алған.

Белгілі болғандай, оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді.

Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Өкінішке орай, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ZTB News басылымының жазуынша, қаза болған 19 жастағы бойжеткен Алматыдағы ALMAU университетінің бірінші курс студенті екені белгілі болды.

Айта кетейік, үздіксіз ескертпелерге қарамастан туристер тауға шығуды доғарар емес.

Бұған дейін Шымбұлақ тау-шаңғы курортында сноубордшы қар көшкіні астында қалғанын жазғанбыз. Дегенмен, абырой болғанда, маңайда адамдар болып, дер кезінде көмек көрсетілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды