Қасақана АИТВ инфекциясын таратқан: Атырауда 2 трансвестит ұсталды

Фото: polisia.kz
Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен 2 трансвеститтің заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

"Жедел іс-шаралар Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды",- делінген ақпаратта.

Полиция азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру – ауыр қылмыс екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, жәбірленушілер анықталуда.

"Әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі тұлға заң алдында толық жауап береді",- деп түйіндеді полиция.

Бұған дейін елордада жыл басынан бері кальянға қатысты 1600-ге жуық құқық бұзушылық анықталғанын жазғанбыз.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды