Қарағандылық күдікті 32 алаяқтық жасап, азаматтарды 20 млн теңгеге алдаған

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды қаласының 26 жастағы тұрғыны Маңғыстау облысының аумағында ұсталды. Ол бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді.

Қарағанды облысы полиция департаментіне қарасты Қазыбек би атындағы полиция бөліміне пластик терезе мен балкон орнатуға тапсырыс берген азаматтардан арыздар түсе бастаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін пластик терезелерді орнату шебері ретінде таныстырып, тұрғындардан тапсырыс қабылдаған. Ол қызмет көрсетуге келісіп, алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай, міндеттемесін орындамаған.

Соның салдарынан азаматтар күткен қызметіне қол жеткізе алмай, ал күдікті облыс аумағынан бой тасалаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны Маңғыстау облысында жалдамалы пәтерде жүрген жерінен ұстады.

Жедел-тергеу тобының мұқият әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде 32 алаяқтық дерегі анықталып, барлығы бір қылмыстық іске біріктірілді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 20 млн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Кез келген қызмет түріне алдын ала төлем жасамас бұрын орындаушының жеке басын, құжаттарын және қызметінің заңдылығын мұқият тексеру қажет.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды