Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

Сурет: ҚР ІІМ
Zakon.kz хабарлауынша, Индонезияда Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Ол ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген.

Бұл туралы 2026 жылғы 27 ақпанда ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап, екі кісі өлтіру күдігімен ұсталған адамның видеосын жариялады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын.

Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында 2025 жылғы қазан айында 4 адамнан (ерлі-зайыпты және 2 ересек III топ мүгедектігі бар балалары) құралған отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Туыстары полицияға 25 желтоқсанда жүгінген.

2026 жылғы 6 қаңтарда жұбайлардың мәйіттері Жангельдин ауылындағы өздерінің сарайында табылды.

Қылмыс жасаған күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны халықаралық іздеуге жарияланды.

2026 жылғы 13 қаңтарда күдіктімен бірге халықаралық іздеуге оның 30 жастағы әйелі – Ақбаян Мұқанғалиева, қайтыс болған отбасының кіші қызы да жарияланғаны белгілі болды. Әйел іс бойынша із-түссіз жоғалған адам ретінде тіркелген.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін