Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады

Сурет: unsplash
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа қатысты 28 ақпандағы барлық рейстердің тоқтатылғанын хабарлады. Ал ұшып кеткен ұшақтар ұшып шыққан әуежайларға оралады немесе Таяу Шығыс аймағына жетпей қонатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды:

28 ақпанда Таяу Шығысқа орындалатын рейстер тоқтатылды.


"Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі", делінген хабарламада.

2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін