Израиль Иран астанасына әуеден соққы берді

Жарылыс, Израиль, Иран, Тегеран, әуеден соққы беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 12:08 Сурет: видеодан алынды
2026 жылдың 28 ақпанында Иранда бірқатар жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуеден берілген соққылар "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранға алдын-ала соққы берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы The Times of Israel хабарлады.

Оның айтуынша, Израиль "мемлекетке төнген қатерлерді жою" үшін шабуыл жасаған. Елде дереу төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бүкіл Израильда дабыл белгілері қосылды. Израиль қорғаныс армиясының тыл қолбасшылығы тұрғындарды бомбадан бас сауғалайтын орындар маңында болуға және алыс сапарлардан аулақ болуға шақырады. Әскерилер дабыл белгісі зымыранмен жауапты ықтимал атыс-шабысқа дайындық ретінде жарияланғанын жеткізді. Қазіргі уақытта бас сауғалап, тығылуға қатысты міндетті талап жоқ.

Әуе соққыларынан кейін Израиль азаматтық рейстер үшін әуе кеңістігін жапты. Көлік министрлігі азаматтардан қосымша хабарлама алмайынша, әуежайларға бармауды сұрады. Шетелдегі жолаушыларға БАҚ-тағы және авиакомпаниялардағы хабарламаларды назарда ұстау ұсынылады.

Сонымен қатар билік шетелдегі израильдіктерге Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің нұсқауларын орындауға кеңес береді. Әуе кеңістігін жағдайға қарай мүмкіндік болғанда ашуға уәде берілді. Бұл туралы рейстер қайта жаңғыртылғанға дейін 24 сағат бұрын хабарланатыны да айтылады.

Бір күн бұрын, 27 ақпанда ҚР СІМ ел азаматтарна Иранға барудан уақытша бас тартуға, сондай-ақ ол елден тезірек кетуге шақырып, мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: