Трамп Иранға жасалған шабуыл туралы: АҚШ кең көлемді операцияны бастады
Сурет: Instagram/realdonaldtrump
2026 жылдың 28 ақпанында Иранға қарсы жасалған соққылар аясында президент Дональд Трамп АҚШ әскери күштері ірі операцияны бастағанын мәлімдеп, оның режимді құлатуға бағытталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дональд Трамп Иранға жасалған шабуылдарға қатысты сегіз минуттық видео үндеу жариялады. АҚШ президентінің сөздерін The Times of Israel басылымы жариялады.
Басылымның хабарлауынша, Трамп Иранға қарсы жалғасын тауып жатқан соққылардың мақсаты режимді құлату екенін айтып, Иран халқын осы мүмкіндікті пайдалана отырып, билікті өз қолдарына алуға шақырды.
"Ислам революциясының сақшылары корпусының мүшелеріне, қарулы күштерге және бүкіл полицияға бүгін кешке қаруларыңызды тастап, толықтай қол сұғылмаушылық иммунитетіне ие болуыңыз керектігін немесе өліммен бетпе-бет келулеріңізге тура келетінін мәлімдеймін", – дейді Трамп видеода.
Сондай-ақ ол қаруды тастауға шақырады.
"Қаруларыңызды тастаңыздар. Сонда толықтай қол сұғылмаушылық мүмкіндігіне ие болу арқылы жағдайыңыз әділ қаралады немесе сіздерді өлім күтіп тұр", – дейді Трамп.
Содан кейін АҚШ президенті Иран халқына үндеу жасайды:
"Иранның ұлы халқына бостандық сағаты келгенін айтамын. Жасырын орындарда болыңыздар. Үйден шықпаңыздар. Сыртта өте қауіпті. Жан-жақтан бомбалар түседі", - деп жалғастырды ол өз сөзін. "Операцияны аяқтағаннан кейін үкіметті басып алыңыздар. Ол сіздердің қолыңызда болады. Бұл көптеген ұрпақтар бойындағы жалғыз мүмкіндіктеріңіз болуы да мүмкін".
Сондай-ақ, Трамп Иран халқы АҚШ-тан көмек сұрағанын айтады.
"Көптеген жылдар бойы Америкадан көмек сұрап келдіңіздер, бірақ осы күнге дейін оған ешқашан қол жеткізе алмадыңыздар... Енді қалай әрекет ететіндеріңізді көрейік. Америка сізді басым және жойқын күшпен қолдайды", – дейді Дональд Трамп. "Қазір өз тағдырларыңды өз қолдарыңызға алып, гүлденген және даңқты болашаққа жол ашатын кез келді, ондай сәт қазір тура жандарыңызда тұр. Бұл әрекет ететін кез. Оны жіберіп алмаңыздар".
2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript