Қазақстандықтарды шұғыл эвакуациялау: Таяу Шығыс елдерінен жаңа рейстер ел әуежайларына келіп қонды

Фото: unsplash
Таяу Шығыс елдерінен ұшып шыққан жаңа рейстер Қазақстан әуежайларына келіп қонды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Берілген мәліметке сәйкес, Таяу Шығыс елдерінен эвакуацияланған қазақстандықтар мінген рейстер 2026 жылғы 4 наурыз күні еліміздің әуежайларына келген.

Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, Air Astana әуе компаниясы Медина және Жидда қалаларынан рейстер орындаған:

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды алып келген алғашқы рейстер 2026 жылғы 3 наурызда Астана және Алматы қалаларының әуежайларына келіп қонды.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат жариялаған болатын.

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды