Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: pexels
2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Қонаев қаласы әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған жер телімдерін беруге қатысты мәселелер негіз болды.

Тексеру барысында жалпы аумағы 150 мың гектар жер телімі тұрғын-ойын-сауық кешенін және зоологиялық паркті орналастыруға берілгені анықталды.

Алайда жер беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қала бас жоспарының ережелеріне қайшы келген.

Қонаев қаласы әкімдігіне берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған.Осыған байланысты прокуратура Қонаев қаласының сотына талап арызбен жүгінді. Сот талқылауы барысында Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері үшінші тарап ретінде қатысып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірме берді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі