Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша үкім шығарылды. Бұл ЖКО салдарынан екі адамның өліміне әкеп соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметі 27 наурыз 2026 жылы істің мән-жайын баяндады.

"2025 жылғы 27 шілдеде сағат 8:30 шамасында Рахмонова Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы "Алматы-Екатеринбург" тас жолында "Toyota Land Cruiser" маркалы автокөлігін басқарған. Шаршаған күйінде болған рахмонова жол ережесін бұзды, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шықты, содан кейін оның көлігі аударылды. Нәтижесінде, 2 жолаушы (сотталушының досы мен әпкесі) өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан қайтыс болды, сотталушының өзі ауруханаға жатқызылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың позициясы

Прокурор 7 жылға дейін автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.

Жәбірленуші тараптар сотталушыны кешірді, талап арыз бермеді, (қайтыс болған досының әкесі) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады, (сотталушының әпкесінің жұбайы) соттан жаза тағайындамауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімі

Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар.

Сот жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен Рахмонова ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында болды. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, Гүлайым Рахмонова ұлы мен достарымен бірге Қарағандыдан Алматыға жолға шыққан. Апат орнынан Рахмоновтар ауруханаға жеткізілгені хабарланған. 28 шілдеде зардап шеккендер Шу қалалық ауруханасынан шығарылды және Алматыға жолға шыққаны белгілі болды.

6 тамызда Жамбыл облысы полициясы хабарлағандай, Гүлайым Рахмонова жол апаты бойынша қорғау құқығы бар куәгер ретінде тіркелген.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкаттан ажырасып кеткенін және оның балалардан бас тартқанын мәлімдеген.

Тараз
Қазақстан
Рахмонов Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі