Алматыға Үндістаннан косметика ретінде тоннадан астам дәрі-дәрмек әкелінді

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Халықаралық Алматы әуежайында кеден қызметкерлері косметикалық өнімдер ретінде жасырылған Үндістаннан келген ірі дәрі-дәрмек партиясын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жүкті тіркеу құжаттарында өнім косметикалық құралдар ретінде көрсетілген. Алайда кедендік бақылау кезінде факті бойынша 39 атаудан тұратын, жалпы салмағы 1 324 килограмнан асатын дәрі-дәрмек партиясыәкелінгені анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша, тауардың кедендік құны 5 миллион теңгеден астамды құрады.

Қазіргі уақытта өкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр, нәтижесіне қарай кінәлілерге қатысты шара қабылданады.

Департамент атап өткендей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабына сәйкес, тауарларды декларацияламау немесе дұрыс көрсетпеу әкімшілік жауапкершілікке, яғни тауар құнының 25%-ы көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, 545-бабына сәйкес, Евразиялық экономикалық одақ кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзу арқылы өткізу тауарларды тәркілеу мүмкіндігімен айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұл мөлшері субъект категориясына байланысты 15-тен 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде белгіленеді.

Сонымен бірге, департамент деректеріне қарағанда, жылдың басынан бері 17 факт заңсыз тауар тасымалы анықталып, оның ішінде 25,84 кг жалпы салмақтағы есірткі заттары бар.

Барлық деректер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі