Тәулігіне 690 долларға дейінгі табыс және 115 салымшы: сот Harmony Rider Technology ісіне нүкте қойды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе қаласында "Harmony Rider Technology" (HRT) қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша үкім шығарылды. Тергеуді ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайы туралы 2026 жылғы 3 сәуірде ҚР Қаржы мониторинг агенттігі айтып берді.

"2024 жылы бір топ тұлға өзін шетелде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырған. Нақтысында салымшыларға төленетін табыс жаңа қатысушылардан тартылған қаражат есебінен қалыптасқан".

Ведомство дерегінше, азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған.


"Заңдылық көрінісін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе қаласында кеңсе жалға алынып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Салым сомасы 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған, ал уәде етілген табыс тәулігіне 12-ден 690 АҚШ долларына дейін жеткен",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған.

"Заңсыз әрекеттер нәтижесінде қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған. Осы қаражатқа ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген. Сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен 3 автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі