Оның айтуынша, мегаполистегі көлік ағынының жоғары болуына байланысты жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып қала береді.
"Жолдағы әрбір құқық бұзушылық – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген әлеуетті қауіп. Біздің міндет – мұндай фактілерді анықтау ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың барлығында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру", – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.
Жыл басынан бері қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 850 мың дерегі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде 700-ден астам көлік құралын мас күйде басқару фактісі, 724 – көлік жүргізу құқығынсыз басқару дерегі, сондай-ақ 960 дерек – бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың рөлге қайта отырған жағдайлары тіркелді.
Сонымен қатар адам өміріне тікелей қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар да тоқтатылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану және қарсы бағытқа шығу фактілері анықталып, жолы кесілді.
Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері көше-жол желісіне 670 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 600-ден астам ұйғарым енгізілді. Жолдардың жай-күйіне жауапты 42 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Жол қауіпсіздігі – тек бақылау емес, бұл – ортақ жауапкершілік. Заң талаптарын сақтау және өзара құрмет арқылы ғана біз адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз, – деп қорытындылады Айдын Кабдулдинов.