Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған

Фото: Zakon.kz
Семейде соңғы бір аптада тұрғындардың өтініші негізінде 33 қараусыз жануар ұсталған. Оның 30-ы ит, 3-уі мысық. Қалада бұл бағытта екі арнайы топ жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, шағымдардың басым бөлігі топтасқан иттердің адамдарға айбат көрсетіп, шабуыл жасау қаупіне қатысты. Бір дерек бойынша, адамға иттің шабуыл жасау фактісі тіркелген.

Таңғы уақытта қоқыс тастап қайтып келе жатқан 9 жастағы қыз балаға төрт бірдей ит тап берген. Баланы құлатып, жан-жақтан талап, денесіне ауыр жарақат салған, деп жазады qazaqstan.tv.

Аяғын тістеп, қолтығының астын жаралаған. Оқиға орнындағы қазандықта жұмыс істейтін үш азамат көмекке келіп, иттерді қуып жіберіп, қызды үйіне жеткізген. Анасы дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетіп, баланы ауруханаға жеткізді. Қазір денсаулығы қалыпты болғанымен, бала қатты күйзеліс алған үлкен иттерден үрейі сейілер емес.

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 910 қаңғыбас ит ауланған. Ұсталған жануарларға сәйкестендіру, екпе егу және стерилизация жасау шаралары жүргізіліп, кейін қайтадан табиғи ортаға жіберілген.

Айта өтейік, бұралқы ит я мысықты күтіп-бағу үшін арнайы панажайлар күніне бір жануарға кемінде 3 мың теңге жұмсалады екен.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кәсіпорындарда жаңа еңбек ережелері енгізіледі

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Мұрағат ісі мен ветеринария мамандарына еңбек жағдайы үшін үстемақы белгіленді