Павлодар облысында мал жаюға бақылау күшейтілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауда тәртіп орнату және мал ұрлығының алдын алу мақсатында "Мал ұрлығына жол жоқ" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ветеринарлық мамандармен бірлесіп, ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізуде. Негізгі назар жануарларды сәйкестендіру шараларына – құлақ белгілерін тағу, таңбалау және таврлау жұмыстарына аударылған.

Бұл заманауи тәсілдер әрбір малдың нақты иесін анықтауға мүмкіндік беріп, ұрлық немесе жоғалу жағдайында жедел іздестіруді жеңілдетеді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды аралау барысында малды есепке алу талаптарын кеңінен насихаттауда.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қарабай ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің иесі барлық мал басына GPS-трекерлер орнатқан. Бұл – малды ұрлықтан қорғаудың және оның нақты орналасқан жерін тұрақты бақылауда ұстаудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 3300-ден астам жеке тұрғын ауласын, 748 шаруа қожалығын және 366 ет өнімдерін өткізу нүктесін тексерді.

Жайылым қағидаларын бұзғаны үшін 76 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қараусыз жүрген 869 бас мал арнайы тұрақтарға жеткізілді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға, GPS-трекерлерді қолдануға және мал иелері, шопандар мен жергілікті атқарушы органдар арасында үшжақты келісімшарттар жасасуға шақырады.

Мұндай шаралар мал ұрлығының алдын алып, ауылдағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шымбұлаққа апаратын жолдағы шектеулер қашан алынады: мерзімі белгілі болды

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

2025 жылғы балалар жәрдемақысы – 1,5 млн теңгеге дейін төлем кімге тиесілі

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды