Құтқарушылар Алматы тауларында еңіске құлап түскен туристке көмекке келді

Фото: Zakon.kz
Құтқарушылар Алматы тауларында адасып, тік еңіске құлап түскен туристке көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Алматы тауларында "Денсаулық баспалдағының" жоғары жағына көтерілген кезде турист негізгі маршруттан ауытқып, тік еңіс учаскеге түсіп кеткен. Соның салдарынан ол өз бетінше төмен түсе алмады. Ол өзінің орналасқан жерін құтқару қызметіне хабарлаған.

"Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін №23 әмбебап құтқару бөлімшесінен Құтқару қызметінің кезекші тобы жіберілді. 20 минуттан кейін құтқарушылар өтініш берушіні тапты. Көмек көрсету барысында туристің аяғын жарақаттағаны анықталды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, оның ауа райына сай киінбегені және таулы аймаққа арналған аяқ киімі болмағаны белгілі болды – ол қалалық кроссовка киген.

"Альпинистік жабдықтың көмегімен оған қауіпсіз түрде төмен түсуге көмек көрсетілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматылық дәрігерлер қайшыға құлап, басынан ауыр жарақат алған екі жасар баланың өмірін сақтап қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін