Алматылық дәрігерлер қайшыға құлап, басынан ауыр жарақат алған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды
Фото: pexels
Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері үй жағдайында ауыр жарақат алған екі жасар баланың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршін қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған сәтте өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.
Науқасты дереу қабылдау залынан жансақтау бөлмесіне ауыстырған.
"Түскен кездегі жағдайы ауыр деп бағаланды: балада әлсіздік, мазасыздық, құсу, терінің бозаруы және жарақат аймағында айқын ісіну байқалды",- делінген дәрігерлердің ақпаратында.
Компьютерлік томография нәтижелері бойынша сол жақ маңдай сүйегінің көп жарықшақты, ішке қарай басылған сынуы, сүйек сынықтарының ми тініне енуі, пневмоцефалия, сондай-ақ қатар жүретін зақымданулар анықталған.
Қайшыны алу шамамен 10 минутқа созылды. Одан кейін науқас бір апта бойы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында мамандардың бақылауында болған.
Бұған дейін Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript