Алматылық дәрігерлер жағдайы күрт нашарлаған шетелдік туристтің жанын сақтап қалды

Ота, Алматы, турист, Италия, қолқа, аневризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2026 11:01 Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Шетелдік Қазақстанға келіп, елдің мәдениетімен, халқымен танысуды көптен армандаған. Алайда Алматыға келгеннен кейін үш күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.Тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагноз — қолқаның инфрареналдық бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтады. Мұндай патология шұғыл хирургиялық көмексіз адам өміріне тікелей қауіп төндіреді, себебі ол ішкі қан кетумен қатар жүреді.Пациентті профессор Серік Тұрсынбаев пен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев қарап шықты. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Ота барысында дәрігерлер аневризманың жарылғанын растады және пациентке жасанды қантамырлық протез орнатты".

Мұндай оталар тамыр хирургиясындағы ең күрделі оталардың бірі болып саналады және жоғары дәлдікті, жедел шешім қабылдауды әрі медициналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ол әрі қарай амбулаториялық ем қабылдауға дайындалуда".ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Пациент қазақстандық дәрігерлерге ерекше алғысын білдірді.

"Мен өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге, сондай-ақ Қазақстан бойынша күн сайын адам өмірін арашалап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз бен адамгершіліктеріңіз үшін рақмет", — дейді турист.

Бұған дейін 2026 жылғы 11 мамырда Пхукеттен (Таиланд) Алматы қаласына медициналық авиация арқылы екі айлық сәби жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: