Сәбиді Таиландтан шұғыл түрде Алматыға жеткізді

Сәбиді Таиландтан шұғыл түрде Алматыға жеткізді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 15:18 Сурет: Telegram/DenMinPR
2026 жылғы 11 мамырда Пхукет қаласынан (Таиланд) Алматы қаласына медициналық авиация арқылы екі айлық сәби жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы бүгін, 2026 жылғы 13 мамырды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі толығырақ айтып берді.

"Науқастың жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты медициналық тасымалдауды арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылданды. Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды".

Ведомство бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болғанын атап өтті.

"Алматы қаласына келгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Министрлік медициналық мамандарға кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Белгілі болғандай, қазақстандық әйел Таиландқа жүктіліктің 28-ші аптасында демалуға барған. Алайда, кенеттен толғақ басталып, бала мерзімінен ерте дүниеге келген. Шақалаққа неонатальды блок жағдайында қарқынды күтім қажет болды.

Бұған дейін ДДСҰ басшысы хантавирус бойынша әлемдегі қазіргі жағдай туралы мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: