ТЖМ тікұшағы кішкентай сәбиді Степногорск қаласынан Көкшетауға шұғыл жеткізді
Сурет: pexels
"Қазавиақұтқару" ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, кішкентай сәбиді Степногорск қаласынан Көкшетауға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылы туылған сәбиге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болып, ол Степногорск қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге жедел әуе рейсімен жеткізілді.
"Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында сәби межелі жерге аман-есен жеткізілді". ҚР ТЖМ
ТЖМ тікұшақтары елдімекендердің бір-бірінен алшақтығына қарамастан, шұғыл медициналық эвакуация жүргізуге әрдайым дайын екені де нақтыланады.
Бұған дейін Қызылорда облысында шұғыл әуе рейсі нәрестенің өмірін сақтап қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript