Қызылорда облысында шұғыл әуе рейсі нәрестенің өмірін сақтап қалды

Вертолет МЧС РК, вертолеты МЧС РК, специальная техника МЧС РК, спецтехника МЧС РК, авиация МЧС РК, авиапарк МЧС РК, спасатель, спасатели, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 10:23 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ЖМ "Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының тікұшақ экипажы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті орындады. Бұл жолы шұғыл тасымалдау Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен жаңа туған нәрестеге қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшқыштар кішкентай науқасты Қызылорда қаласына эвакуациялады. Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды.

Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді.

Айта кету керек, "Қазавиақұтқару" ұшқыштары мен медициналық бригадалары бүкіл ел бойынша науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайын.

Бұған дейін Алматы облысында әйелді иттер талап тастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: