Құтқарушылар жаңа туған шақалақты Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізді

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 22:41 Фото: pexels
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек, ұшу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтті, кішкентай пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.

Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, борт механигі Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Әлмұхамедов және Темірлан Сибағатов орындады.

"Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейі санитарлық рейстің қауіпсіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етті",- делінген ақпаратта.


Бұған дейін Алматы облысында металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: