Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне хат жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді". Ақорда

Қазақстан президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.

Бұған дейін Тоқаевқа Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы тартылған 21,5 млрд доллар инвестиция туралы есеп берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады