Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді

Фото: freepik
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеген. Қалалық полиция департаменті осылай деп отыр.

Қазіргі таңда киберқылмысқа қарсы арнайы басқарманың жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Білікті ІТ мамандар полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, алаяқтық әрекеттерді анықтап, күмәнді сайттар мен ресурстарды бұғаттауда, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәселен, былтыр интернет алаяқтыққа 2 мыңнан аса тұрғын шағымданған. Алайда арнайы операциялар арқасында 700 млн теңге қайтарылды, дейді полиция өкілдері.

"Үш айда 2 мыңнан аса интернет желілер бұғатталды. Бұл арқылы азаматтарды алдап, арбау деректерінің бар болғаны көзіміз жеткеннен кейін кибербақылау жүйесі арқылы бұғатталды. Азаматтар интернет алаяқтықтардың айласы жайлы білді. Яғни, білген адам міндетті түрде сақ болады. Сонымен қатар, жұртқа сенгіш болмайды." Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады