ШҚО-да полиция жеке тұрғын үйде жасалған ұрлықты жедел түрде ашты

Фото: Zakon.kz
Үлкен Нарын ауданында тұрғын үйден алтын бұйымдарды ұрлау қылмысы ашылды.

"102" арнасына жергілікті тұрғыннан белгісіз біреудің оның үйіне пластик терезе арқылы кіріп, жалпы құны 500 мың теңге болатын бағалы заттарды ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Ақпарат түсе салысымен полиция қызметкерлері аумақты тексеруді ұйымдастырып, ықтимал куәгерлерден жауап алды және оқиғаның барлық нұсқаларын тексерді.

Бұл шаралар күдіктіні "ізін суытпай" құрықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде бұрын сотты болған, 1975 жылы туған ер адам анықталып, ол өз кінәсін мойындады.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында қолды болған барлық бұйымдар тәркіленді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Полициясы азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Терезелер мен есіктерді мықтап бекітіңіздер, қажет болған жағдайда күзет дабылын пайдаланып, құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін