Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті

Сурет: wikipedia
Елордада азаматтардың діни сезімдерін пайдаланған ер адам сотталды. Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлер үшін азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын алдап иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана прокуратурасының мәліметінше, алаяқтың құрбаны еліміздің әр өңірінен 17 адам болды, олардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.

Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

"Прокуратура ескертеді: қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажет. Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады".Астана қаласының прокуратурасы

Бұған дейін жалдамалы пәтерде есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз