ШҚО-да полицейлер құжатсыз тасымалданған ірі көлемдегі ет өнімдерін анықтады

Фото: unsplash
Шығыс Қазақстан облысының аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ұлан ауданының тасжолдарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер уәкілетті органдармен бірлесіп, мал шаруашылығы жүктерінің қозғалысына бақылауды күшейтті. Тексеру нәтижесінде ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзудың 9 фактісі анықталды.

Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 6 ірі қара мал тушасы мен 3 бас қойды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Жүргізушілер өнімдер мен тірі малды олардың шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті ілеспе құжаттарсыз тасымалдаған.

Анықталған барлық жағдай бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдау халық үшін тікелей санитарлық қауіп төндіретінін ескертеді.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстар ерекше бақылауда және жедел-профилактикалық іс-шара аясында жалғаса береді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты