Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің көлік басқару дерегі тоқтатылды

Фото: pexels
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімнің көлік құралын басқару фактісін анықтады. Тексеру барысында рөлде жасөспірім отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ көлік салонында өзге де кәмелетке толмағандар болған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар көлікті басқару құқығы жоқ тұлғаға рөлді сеніп тапсырған адам да жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен мұндай құқық бұзушылықтардың салдары жан-жақты түсіндірілді.

"Әрбір осындай дерек қатаң түрде тоқтатылады. Кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы – олардың өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларда негізгі жауапкершілік ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктеледі. Әсіресе түнгі уақытта балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды. Алдын алу шаралары мен жауапкершіліктің бұлтартпастығы – осындай құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі тетіктері, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Екі өңірде аптап ыстық болады". Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Алматы хайуанаттар бағында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Алматыда ер адамға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бибісара Асаубаева финалда жеңілсе де, турнир жеңімпазы атанды