Павлодарда салынып жатқан көпір өртеніп кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін Павлодар облысы ТЖД-нің "101" пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде келген сәтте жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғаны анықталды.

"Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайларға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толықтай сөндірді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрттің одан әрі таралуына және көпір құрылымына жайылуына жол берілмеді.

Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін СҚО-да 7,7 гектар орман алқабы өртеніп кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты