СҚО-да 7,7 гектар орман алқабы өртеніп кетті
Сурет: бейнежазба скриншоты
2026 жылғы 19 сәуір түнде Солтүстік Қазақстан облысындағы орман алқабында алапат өрт тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Есіл ауданында, Жаңалық ауылының маңында ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алып, кейін өрт Орман шаруашылығына таралған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 7,7 гектарды құрады. Өрт жермен жылдам таралған.
"Өртті сөндіру жұмыстары қатты, екпінді желдің салдарынан қиындады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнынан департаменттің дағдарыс орталығына бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сөндірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін Астанадағы өрттен үш баласынан айырылған ана есін жиғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript