Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында орман алқабы өртенді

Жамбыл облысында орман алқабы өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 09:01 Сурет: pixabay
Жамбыл облысындағы таулы аймақта орман өрті орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 2024 жылдың 4 маусымында сағат 16:20 шамасында "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі орын алды, ауданы шамамен 1650 гектар.

"Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлері 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль жұмыс істейді, күндізгі уақытта 1 тікұшақ және Қазавиаақорғаудың 6 қызметкері тартылды",- деп толықтырды Жамбыл облысы ТЖД.

Сондай-ақ, орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл авто және 26 адам 10 бірлік техника жергілікті органдарынан шықты.

4 маусымда Қонаевтағы демалыс аймақтарының бірінде де өрт шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: