Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды

Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2026 жылғы 22 сәуір күні таңертең Алматыға жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 04:26-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Күнгей-Ала-Тоо тауларында орналасқан.

Ол Қырғызстанның Григорьевка ауылынан солтүстікке қарай 23 км, ал Қожояр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км қашықтықта болған.

Қырғызстан аумағындағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген.

Қазақстан сейсмологтары бұл жер сілкінісіне қатысты ақпарат таратқан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізі аумағында жер сілкіністерінің сериясы тіркелген болатын.

Қазақстан
Қырғызстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті