Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қызылорда қалаcы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған AUDI автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында, жеке басын анықтау кезінде жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішкендігі анықталды. Құқық бұзушының наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша оның, орта дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру- он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Көлік құралдарының жүргізушілерін жолда сақ болуға, жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға және рөлге отырғанда сіз өз өміріңіз үшін ғана емес, жол қозғалысының қалған қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді еске саламыз.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды