Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды

Фото: pexels
Алматыда жастар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Ауыр жарақат алған екі жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды "24KZ".

Қайғылы оқиға түнде болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Алматы қаласы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді.

Тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген хабарламада.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тибетте қатты жер сілкінісі болды