Алматы облысында полиция мал ұрлығын әшкереледі

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының Қарасай және Ұйғыр аудандарында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, қаскөйлердің алдын ала дайындалған тәсілмен әрекет еткені анықталды: олар далалы аймақта еркін жайылып жүрген қараусыз малды таңдап, оларды жақын маңдағы трассаларға айдап, сол жерде күтіп тұрған жүк көлігіне тиеген. Одан кейін ұрланған малды көршілес аудандарға тасымалдап, жергілікті тұрғындарға сатқан.

"Қазіргі уақытта ұсталғандардың 7 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған 69 бас ұсақ малды, сондай-ақ шамамен 20 миллион теңге тұратын 43 бас ірі қараны ұрлауға қатысы бары дәлелденді. Барлық күдіктілер қамауға алынды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Ведомтсво атап өткендей, ҚР заңнамасына сәйкес мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен ірі көлемде есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін