Ақтөбеде полиция мен банк қызметкері тұрғынды алаяқтардан құтқарып қалды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының тұрғынына өзін жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған. Ол атына сәлемдеме келгенін айтып, оны рәсімдеу үшін телефонға келген SMS-кодты хабарлауды сұраған.

Тұрғын бұл сөзге сеніп, кодты айтып қойған. Кейіннен оған тағы қоңырау түскен. Бұл жолы қоңырау шалушылар өздерін "eGov" қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар оның атына несие рәсімделіп жатқанын және банк шоттарында күмәнді операциялар анықталғанын айтып, жалған ақпарат берген.

Осыдан соң әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам қосылған. Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, оны "қауіптің алдын алу" деген сылтаумен несие рәсімдеуге көндірген.

Сенімге кірген алаяқтардың сөзіне сенген әйел банкке барып, несие рәсімдеуге әрекет жасаған. Бірақ банк қызметкері клиенттің күмәнді хабарламаларға жауап беріп жүргенін байқап, алаяқтық белгілерін анықтаған. Бұл туралы бірден киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесіне хабар берілген. Полиция қызметкерлері азаматты бөлімшеге жеткізіп, онымен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Бастапқыда ол алаяқтарға алданғанын мойындамағанымен, кейін жағдайды түсініп, олардың ықпалынан шықты. Банк қызметкері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында шамамен 2 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың заңсыз рәсімделуіне жол берілмеді.

Полиция ескертеді:

Алаяқтар көбіне адамдарды қорқытып, асығыс шешім қабылдатуға тырысады. Сондықтан әрқашан сақ болыңыз!

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты