Ақтөбеде жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды

Фото: pexels
Ақтөбеде өтіп бара жатқан адамдар қоқыс жәшігінің жанынан нәрестенің жылаған дауысын естіп, оның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 23 мамырда болған.

Белгілі болғандай, жаңа туған сәби пакетке оралып, қоқыс жәшігіне тасталған.

"Жаңа туған нәресте полиция қызметкерлері тарапынан дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, баланың анасын табу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан тумасы, Санкт-Петербургтегі Мариин театрының 38 жастағы әртісі 11 жастағы оқушыға оқ атқаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент Әмірбек Оспанбековты қызметінен босатты

Қазақстанда бір күнде алты орман өрті тіркелді

Қазақстанда 10 шілдеден бастап бірнеше автожол ақылы болады

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады: бұл жаңалық бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін

2024 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты иегерлерінің тізімі жарияланды