Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Алтай-Рахман қайнары тас жолында цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 27 мамырда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Кабинада қысылып қалған 1987 жылғы жүргізушіні оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері сол маңдағы адамдармен бірлесіп шығарып алды. ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді".

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға кеңес беріледі.

Бұған дейін Алматыда мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж полицейлер назарына іліккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін