Алматыда мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 13:59 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында "Соңғы қоңырау" мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды.

Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

"Алматыда полиция автокортеж ұйымдастыруға, әсіресе оған кәмелетке толмағандардың қатысуына жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерткен болатын. Соған қарамастан кейбір азаматтар заң талаптарын елемеді. Мұндай әрбір дерек бойынша полиция қатаң әрі принципті түрде әрекет етеді. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс", — деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Полиция өкілдері "Соңғы қоңырау" күні және одан кейінгі кезеңде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілетінін еске салды. Түлектердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылмақ. Полиция ата-аналар мен мектеп түлектерін мерекені жауапкершілікпен өткізуге, заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: