Атырауда пәтерде қызды аяусыз соққыға жыққан оқиға видеоға түсіп қалды

Фото: pexels
Атырау қаласындағы бір пәтерде қызға жасалған қатыгез соққы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода бір қыз екінші қызды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, тепкілейді, басы мен денесіне бірнеше рет соққы жасайды. Кадр соңында жәбірленуші еденде қорғануға тырысқан күйде жатқанымен, шабуыл жасаған қыз оны ұруын және сүйреуін жалғастыра береді. Бөлмеде бірнеше қыз болғанымен, ешқайсысы араша түспегені байқалады.

Жазбада алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар Атырау қаласындағы кешкі мектеп пен колледжде оқитыны көрсетілген. Қақтығыстың себебі әзірге нақтыланбаған.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның биыл сәуір айында болғанын хабарлады.

"Құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілді. Төрт күдікті жауапкершілікке тартылып, кінәлі деп танылды. Барлық қатысушылар профилактикалық есепке қойылды. Оқиғаға қатысы бар 16 жастағы кәмелетке толмағанға қатысты материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, наурыз айында Таразда жеті мектеп оқушысы 9-сынып қызын көшеде аяусыз соққыға жыққан оқиға болған еді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді