Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнімен барша қазақстандықты құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы құттықтауды президент өзінің Instagram парақшасындағы жариялады.

"Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде", – деп жазды ол.

Сондай-ақ, президент өзінің бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатқанын атап өтті.

"Биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады", – деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін Алматыда 1 маусымда балаңызды қайда апаруға болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

Қазақстанда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді