Ауқымды арнайы операция: Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы берді

Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен бірлесіп, екі елдің бас прокуратураларының өзара іс-қимылы аясында ауқымды халықаралық арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, операция нәтижесінде Одесса қаласында Қазақстан азаматтарына қатысты заңсыз әрекеттер жасаған ұйымдасқан алаяқтық call-орталықтың қызметі тоқтатылды.

"Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы интернет-алаяқтық әрекеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып келген. Алдын ала мәліметтер бойынша қаскөйлердің құрбаны 120-дан астам адам, келтірілген жалпы материалдық шығын 85 миллион теңгеден асады",- делінген ақпаратта.

ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, қаскөйлер әлеуметтік инженерияның заманауи тәсілдерін қолданған.

"Олар байланыс операторларының, банктердің, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, азаматтарды смартфондарына зиянды қосымшаларды орнатуға көндірген. Құрылғыларға қашықтан қол жеткізгеннен кейін қылмыскерлер жәбірленушілердің қаражаты мен жеке деректерін жымқырған",- деді ол.

Халықаралық арнайы операция аясында санкцияланған сегіз тінту жүргізіліп, нәтижесінде:

Операция қорытындысы бойынша Украинаның тоғыз азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу олардың Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтықтың өзге де эпизодтарына қатысы бар-жоғын тексеруде.

ІІМ атап өткендей, жүргізілген операция трансұлттық киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі болды.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағылық сақтауға шақырады. Естеріңізде болсын: құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан несие рәсімдеуді немесе ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды талап етпейді. Белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша бөгде қосымшаларды орнатпаңыз және растау кодтарын, құпиясөздерді немесе құрылғыға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеңіз", – деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Бұған дейін Жамбыл облысында айдалада сусыз, аяқ-киімсіз қалып кеткен ер адам табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер

Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті

әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сотталушы қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады