Жамбыл облысында айдалада сусыз, аяқ-киімсіз қалып кеткен ер адам табылды

Құтқару, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, малшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 11:37 Сурет: видеодан алынды
30 мамырда таңертең Жамбыл облысының Сарысу ауданында құтқарушылар екі күн бұрын жоғалып кеткен малшыны аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күн бұрын құтқарушыларға 1971 жылғы ер адамның 27 мамырда атқа мініп, мал бағуға шығып кеткен күйі қайта кері оралмағаны туралы хабар түскен.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп және арнайы техника пайдаланылды. Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтай алмаған. Осыған байланысты іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғастырылды. Бүгін құтқарушылар малшыны Ақтоғай ауылынан жеті шақырым қашықтықтағы дала аумағынан тапты". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар ер адамның қатты шаршап, шөлдеп әрі аяқ киімсіз болғанын айтады. Алайда ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында іздестіру-құтқару операциясы осылайша сәтті аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: