Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, ұшты-күйлі жоғалған алты адам аман-есен табылды

Балықшы, Ұлытау облысы, жоғалған алты адам, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 18:36 Сурет: freepik
17 желтоқсанда Ұлытау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен бір топ балықшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысы Жангелдин ауылдық округіне қарасты Дулығалы өзені маңында жоғалған азаматтарды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

"13 желтоқсанда екі автокөлікпен балық аулауға шығып, белгіленген уақытта байланысқа шықпаған алты адам туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ "Қазавиақұтқару" қызметінің тікұшағының көмегімен үш адам әуеден анықталды. Қалған үш азамат Ақтас кентінен тікұшақпен эвакуацияланды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Эвакуацияланған азаматтардың бірі - 1958 жылғы ер адамның аяқ-қолдарында үсу белгілері анықталып, ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылғаны да нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: