Қостанай облысында жоғалған ер адам үш күннен кейін жапан даладан табылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін құтқарушылар 21 қарашада Жангелдин ауданында жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
1979 жылғы ер адам мал іздеу үшін мотоциклмен белгісіз бағытқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Телефонының болмауы іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатты.
"Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен күштері жұмылдырылды, бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары да қатысты. Іздеу-құтқару тобының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат аман-есен табылды. ТЖМ-нің қызметкерлері азаматты Жангелдин ауданы, Шилі ауылынан 35 шақырым қашықтықта, Ақжар елдімекенінің маңындағы ашық далада тапты", деп хабарлайды ТЖМ.
Ер адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол медициналық көмекті қажет етпейді.
ТЖМ шалғай аймақтарға шыққанда жақындарыңызға өз бағытыңызды және болжамды оралу уақытыңызды міндетті түрде хабарлау керектігін еске салады. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуға көмектеседі.
Бұған дейін елордада түнде мыңдаған адам жоғалып кеткен 10 жасар қызды іздегенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript