Елордада түнде мыңдаған адам жоғалып кеткен 10 жасар қызды іздеді
Сурет: Астана қалалық полиция департаменті
Мыңнан астам астаналық туған күн кешінен кейін топтан бөлініп, жоғалып кеткен қызды іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция департаменті өздеріне 2025 жылдың 22 қарашасында 10 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскенін хабарлады. Ол туған күн кешінен кейін топтан бөлініп кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.
Мыңдаған астаналық қатысқан ауқымды іздестіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
"Іздеуге еріктілер, елорда тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және елордалық полиция гарнизонының барлық жеке құрамы қатысты. Суық ауа-райын ескере отырып, баланың ықтимал қозғалыс аймақтарын мүмкіндігінше тез тексеру үшін қосымша күштер мен ресурстар жұмылдырылды". Астана қалалық полиция департаменті
Қыз қалалық жолаушылар көлігі қызметкерінің қалдырған хабарламасы арқылы табылды. Ол ата-анасына аман-есен табысталды.
"Ата-аналарды балалардың мінез-құлқына назар аударуға, олардың орналасқан жері мен қозғалыс бағыттарын бақылауға шақырамыз. Баламен уақтылы қарым-қатынас жасау арқылы көптеген жағдайлардың алдын алуға болады", - дейді Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қарағандыда 22 қарашада пәтерде қамалып, жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript